Ата-аналар жиналысы
Ата-аналар жиналысын толығырақ бөлімімнен қараңыз
Тегтер:
Бүгін мектебімізде «Біртұтас тәрбие: Ата-ана құзіреттілігі – бала болашағы» тақырыбында ата-аналар конференциясы өтті. Ата-аналарды күмбірлеген күймен қарсы алған мектеп оқушылары дәлізде ұлттық өнер жәрмеңкесін,
ұлттық ойын түрлерін және өнерлерін көрсетті. Мектептің мәдени шаралар залына жиналған ата-аналарға алдымен сөз алған мектеп басшысы өткен оқу жылының қорытындысы мен жаңа оқу жылының мақсат-міндеттерін айтып өтті. Біртұтас тәрбие бағдарламасымен мектептің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Аманкүл Рахатқызы таныстырса,
жасөспірім арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында мектеп инспекторы Гулмира Орынбекқызы ауданымызда,
ауылымызда орын алған құқықбұзушылықтар туралы мәліметтер беріп,
бірге жұмыстануға шақырды. Ал мектеп психологы Айнұр Нұрсұлтанқызы «Менің жайлы мекенім» тақырыбында тренинг өткізіп,
мағыналы видеоролик тамашалатты. Жиналыс модераторы Ботакөз Шоңайқызы «Суреттер сөйлейді» айдарымен ата-аналарды пікір алысуға шақырды. Ата-аналар пікірін қорытындылау үшін аталар,
әжелер мектебінің өкілдері Бектұрған ата мен Ағия әже жас ата-аналарға ақыл-кеңестерін берсе. мектептің Қамқоршылық кеңес мүшесі Ханшайым ұрпақ тәрбиелеудегі өз ұстанымдарын айтты. Осы жиналыста мен қандай оң өзгеріс байқадым? Алдымен жиналысқа қатысушылардың 30 пайызы әкелер болды,
бұл қуантарлық жайт,
әдетте 10 пайызға да жетпеуші еді. Екіншіден,
ата-аналардың бала тәрбиесіне деген көзқарасы материалдық жағынан қамтудан гөрі рухани жан дүниесін байытуға бағыт ала бастағанын көрдім. Үшіншіден,
«Сіз қандай ата-анасыз?» тақырыбымен алынған сауалнама негізінде 91 пайызы баланың жан-дүниесін дұрыс түсініп,
сыйлы көзбен қарайтын керемет ата-ана ретінде нәтиже көрсетуі де керемет ұрпақ тәрбиеленіп жатқандықтың белгісі. Қорыта келгенде ата-ана мен мектеп ынтымақтастықта жұмыс жасаса ұрпақ тәрбиесі оңды болары сөзсіз. Баламыз өмірден өз орнын тауып бақытты өмір сүрсін десек,
бала тәрбиесіне көңіл бөлуді ешқашан естен шығармайық!
Пікір жоқ
39 қаралды
Авторы: marshabdmektep
Қосылды: 25.09.2024 в 12:25