Меню KDT

logo.png?_=2?_=1
КГУ "Школа-гимназия имени Маршала Абдыхалыкова" Отдела образования по
Тупкараганскому район, Мангистауской области


Телефон: 23-245

Блог директора

Копашова Аманкул Сабырхановна - 1964 жылы Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы Қызылөзен ауылында дүниеге келген. 1971- 81жылдары Ақшұқыр ауылындағы Ш.Ералиев ( қазіргі М.Әбдіхалықов) 1983-88 жылдары Алматы қаласындағы Шетел тілдері педагогикалық институтында оқып, ағылшын тілі факультетін үздік дипломмен аяқтады. 2016-2018 жылдары Алматы менеджмент университетінің әкімшілік басқару мамандығы бойынша магистратура оқып аяқтады. Ағылшын тілі пәні мамандығы бойынша шебер-педагог. Ағылшын тілі пәні мұғалімі болып Ақтау қаласындағы № 21 мектепте жұмыс жасап, мұғалімдік мамандықтың қыр-сырына қанық болды. 2009 жылы ауылға қоныс аударуына байланысты өзі оқыған М.Әбдіхалықов мектебіне жұмысқа келіп мектеп директорының тәрбие жұмыс жөніндегі орынбасары болып жұмыс атқарды. 2014 жылы ауылда жаңадан ашылған Ақшұқыр мектеп-лицейінде директордың инновация жөніндегі орынбасары болып жұмыс атқарды. Осылайша тәрбие бағытында да, әдістемелік бағытта да қызмет атқарған Аманкул Сабырхановна 2018 жылдың ақпан айынан бері М.Әбдіхалықов мектеп-гимназиясында мектеп директоры болып қызмет атқарады. 2022 жылы ұйымдастырушы директор санатын алды Жетістіктері:
2014 жылы бір сабағы Астанадағы оқыту және дамыту орталығы ұйымдастырып отырған «Менің инновациялық сабағым» атты І халықаралық оқытушылар сайысына жіберіліп, «Ізденген жетер мұратқа» номинациясы бойынша ІІ орынға ие болдым.
2014ж – аудандық «Үздік педагог- ұйымдастырушы» сайысында «Бас жүлде» иегері болдым.
2015 жылы -«Ақпараттық және инновациялық технологиялар ролі» аудандық семинар «үлгілі» сабақ көрсеткені үшін Алғыс алдым.
2015 жылы - Республикалық «Озық педагогикалық идеялар» сырттай байқау, ІІІ орынға ие 2015 жылы Халықаралық экология және инженеринг ғылым Академиясының «Ең үздік сабақ – 2015» сырттай байқауына қатысып, І орынды жеңіп алдым.
2016 жылы – «Қазақстан ұстазы» энциклопедиясына ендім, 2017 жылы--- Маңғыстау облысы әкімдігінің «Үздік әдістеме ұсынушы» номинация иегері 2019 жылы – халықаралық білім мен ғылымды қолдау орталығының «Абай дана, Абай - дара қазақта» республикалық сырттай байқауының «Үздік сабақ жоспары» номинациясы бойынша І орын 2019 жылы – «Эрудит» интеллектуальды білім сайтының «Шебер педагог» шығармашылық байқауының ІІ орын 2020 жылы --- аудандық «Озық тәжірибе, озық ой» жобалар байқауы, І орын 2020ж –КИО, облыс 2 орын, аудан 1 орын 2020 --- республикалық Ағылшын тілі блиц-турнир 1 орын Тәжірибе алмасу бағытында жарық көрген мақалалары: 2014ж – «Маңғыстау мұғалімі»--- «Сабақ – мұғалім ізденісінің жемісі» мақаласы 2014 ж --- «Маңғыстау әдіскері» журналы --- «Заман талабы- жаңартылған сабақ» мақаласы 2014ж – «І халықаралық оқытушылар сайысы «Менің инновациялық сабағым» эссе жинағы», 1-том --- Бұлақ көрсең көзін аш», Астана 2015ж – «Мектеп тынысы» мектепішілік ақпараттық-танымдық журнал «Менің тілім- менің білімім» 2017 ж – «Білім жолы нұрлы жол» республикалық ұстаздарға арналған басылым «ҰБТ – болашаққа қадам» коучинг жоспары 2017 жыл --- «Жаңартылған бағдарлама- білім берудің жаңа мазмұны» «Маңғыстау мұғалімі» газеті 2017 жылы ----- «Ауыл мектебінде білім сапасын арттырудың тиімді жолдары» республикалық «Тағылым» журналы 2018 жыл----- «Білім – жаңа бағдар» республикалық ғылыми-әдістемелік журнал «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар» 2018 жыл --- «Маңғыстау мұғалімі» облыстық газеті «Білім тасымалданушыдан – білім әлеміне жол көрсетуші» басында ұстаз тұрар» 2019 жыл ---«Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда тәрбиелік шаралардың мазмұнын жетілдіру және сапасын арттыру» (мұғалімге көмекші құрал) жинағында «The ABC show» 5 сыныпқа арналған сынып сағаты 2019 жыл -----«Педагог хабаршысы» халықаралық ғылыми-танымдық, педагогикалық журналы, №52, желтоқсан, «Жаңартылған өзгеріс – жаңа заман талабы» 2021 ж -- Республикалық «Білім-жаңа бағдар» журналы «Білім мазмұнын жаңарту мен оқыту технологиялары заман талабына сай болуы» 2023 жыл --- «Алтын қалам» республикалық ғылыми-әдістемелік журнал «Оқуға құштарлық ізгіге бастар жол»

 

қ/с

Жылдары

Аты-жөні

1

1943-58 жылдар аралығында

Мектеп меңгерушілері басқарған

2

1959-1965 жылдары

Ерманов Қорғанбай

3

1965-1974 жылдары

Әмірханов Қибатқали

4

1974-1978 жылдары

Толыбеков Бөрібай

5

1978-2001 жылдары

Мәткеров Әзен

6

2002-2018 жылдары

Абдирахманов Оңайбай Рахиұлы

7

2018 жылдан бастап

Копашова Амангул Сабырханқызы

 


Choose Color